Қазақстандық дизайнерлер Бакуде өтетін сән апталығына қатысады

Төрт күн ішінде сән индустриясының әзербайжандық және халықаралық жас дарындыларының көрсетілімдері, таныстырылымдары, көрмелері мен түрлі шаралар ұйымдастырылады. Шараға сән индустриясының шетелдік сарапшылары, ірі сән дүкендерінің иелері, жергілікті және шетелдік журналдар мен PR-агенттіктердің өкілдері қатысады.


Жергілікті дизайнерлермен бірге апталыққа Қазақстан, Ресей, Грузия, Франция және Италия дизайнерлері қатысады. 
Сән апталығы аясында фотографтар мен журналистерге арналған арнайы шеберлік сағаттары мен тренингтер өтеді. Сондай-ақ IMAXPark Сinema кинотеатрында Dior сән үйі туралы деректі фильм көрсетіледі, деп хабарлайды day.az.