Қазақстандық Дмитрий Гааг Қытайда өткен триатлон бойынша Азия Кубогында екінші орынды жеңіп алды

Дмитрий Гааг екінші орынды жеңіп алды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жарыстарға әлемнің 12 елінен келген 40 атлет қатысты. Қазақстанды спортшы мәре кезінде қытайлық Фагуан Байдан небары 27 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды даниялық Йенс Тофт жеңіп алды.

Қазақстандық әскердің 20 жылдығы қарсаңында ҚР Қарулы күштері құрама тобының 6 мүшесі Түркиядағы Еуропа Кубогына қатысқанын атап өту керек. Нәтижелері кейінірек жарияланады.