Қазақстандық эстрада жұлдыздары «Ән қанатындағы арман» концертіне қатысады


Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Мәдениет басқармасынан хабарлады.

Қонақтар қазақстандық эстраданың жетекші жұлдыздарымен жүздеседі. Концертте Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, «Музарт» триосы, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Индира Расылхан, Олег Татамиров және т.б. өнер көрсетеді.

Мерекелік шара 3 бөліммен өтеді. Бірінші бөлімде Н.Назарбаевтың балалық шағындағы халық әндері мен халық композиторларының әндері орындалады. Соның ішінде «Беу, айдай», «Гүлдерайым», «Жан сәулем», «Шилі өзен» және т.б. Бұл әндер «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен орындалады. Екінші блок Президенттің жастық шағындағы әндерге арналады. Атап айтқанда, «Надежда», «Воды арыка», «Бессаме мучо» және т.б. Үшінші блокта көрермендер Президенттің, мемлекеттің, елорданың құрметіне жазылған әндерді тыңдайды. Айта кетейік, концертте бала кезден жүректен ерекше орын тапқан қазақстандықтардың сүйікті әндері орындалады.