Қазақстандық эстрада жұлдыздары мерекелік би кешіне қатысады


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар бүгін Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда сағат 18.00-22.00 дейін мерекелік концертпен және би кешімен қорытындыланады.

Астана қаласы мемлекеттік филармониясының жеке орындаушылары концерттің шымылдығын ашады. Сонымен қатар, ашық аспан аясында өтетін шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары: «Ұлытау» тобы, «Ерке», «Жалын», «Ретро», «Аламан» триосы, «KZ», «Дабыл» дуэті, Қыдырәлі Болманов, Дос, Әсел Омарова, Бақыт Шадаева, Досымжан Таңатаров келушілерді мерекемен құттықтайды.