Қазақстандық "Еуразия" оңтүстіккореялық SK Hynix компаниясына 5,5 млн доллар төлеп берді


Жартылай өткізгіштер мен флэш-тасымалдаушыларды шығарушы SK Hynix компаниясына қарасты зауытта өрт Қытайда, Уси қаласында 2013 жылы 4-қыркүйек күні болған. Жарылыс салдарынан өрт басталып, өндірістік процесс тоқтатылған.

Алдын ала есепке қарағанда, шығын 800 млн долларды құраған. "Еуразия" сақтандыру компаниясы АҚ-да қайта сақтандырылған мүлік зақымданған, компания өзінің жауапкершілік үлесі шеңберінде жалпы алғанда 5,5 млн доллар төледі.