Қазақстандық өкілдерді ҚР туризм және спорт жөннідегі Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Бахытбек Тәжібай басқарып, өкілдер құрамына қалалық және облыстық әкімшіліктердің, сондай-ақ, еліміздегі ірі туристік фирмалар мен агенттіктердің өкілдері қамтылды.
Қазақстандықтар Ұлыбританиялық және Еуропалық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізеді. Көрме аясында Қазақстанның туристік әлеуеті туралы қабылдау- тұсаукесер шарасын өткізу жоспарланған. Оған Ұлыбританиялық компаниялар мен агенттіктердің өкілдері, Еуропалық және Британиялық басылымдардың журналистері қатысады.