Қазақстандық футболшылар «Достастық кубогы» халықаралық турнирінің ширек финалында Беларусь құрамасымен кездеседі


Онда «А» тобында 2-орын алған Слободан Крчмаревичтен жаттықтыратын қазақстандықтар «С» тобында үздік шыққан Беларусь аяқдопшылармен кездесетін болды. Бұл күні сондай-ақ Украина мен Литва, Иран мен Латвия, Ресей мен Молдова күш сынасады. Егер бұл сында Қазақстан құрамасы басым түссе, 27 қаңтарда жартылай финалда Украина-Литва кездесуінің жеңімпазымен ақтық финалдың жолдамасына таласады. Ол 29 қаңтарда өтпек.