Қазақстандық ғалым ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, Жер бетіндегі тіршілік Тұран даласында пайда болған, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  24.kz-ға сілтеме жасап. 

Профессор "Авеста" кітабын зерттей келе, жердегі тіршілік атаулы Тұраннан тараған деген тоқтамға келгенін айтады.

Рахман Алшановтың сөзінше, "Авеста" - діни кітап қана емес, апат тарихы хронологиялық тәртіппен жазылған ғылыми еңбек. Сондықтан осы еңбекті негізге ала отырып, "Жиырмасыншы мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар" атты өз еңбегін жарыққа шығарды.

"4, 5, 6 мың жыл бұрын болған оқиға "Авестада" жазылған екен. Соның барлығы біздің жерде болған. "Авестаны" жазған адамның өзі Орал теңізінің жағасында өскен, яғни солтүстік Тұранда туып-өскен", - дейді Рахман Алшанов.


Оның айтуынша, Жер планетасына құлаған алғашқы астероидтардың іздері Қазақстан аумағынан табылған. Ғалымдар төрт бірдей ірі кратерді анықтапты. Олар Ақтөбе түбінде, Балқаш көлі мен Арал теңізі маңынан анықталған.