Қазақстандық ғалымдар құс тұмауына қарсы дәрі ойлап тапқанын хабарлады

“2004-жылы мен бруцеллез, құрт ауруы мен гепатит түрлерін, тіпті құс тұмауының вирусын емдеуге арналған жаңа дәрі жасап шығардым. Бұл – жаңа заман дәрісі. Оны шығаруға қатысты жұмыстар екі жылға созылды. Қазір біз нәтижелерімен бөлісуге болатын сатыға келдік”,- деп мәлімдеді бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында “Жұқпалы ауруларға қарсы дәрі-дәрмектердің ғылыми орталығы” РМК-ның директоры, химия ғылымдарының докторы Александр Ильин.

Оның айтуынша, жаңа дәрі, дәлірек айтсақ, оның тәнігінің (аналогы) жануарларға әсері зерттелді. “Бұл дәрінің жануарларға арналған тәнігі қазір бар, және ол зерттеу аясында малдарды вирусты жұқпалы аурулардан емдеуде табысты қолданылып отыр”,- деді ол.

Әзірге белгілі бір атауы жоқ дәріні вирусқа қарсы дәрі ретінде авторлары 2006-жылдың аяғына таман тіркемекші. “Жаңа дәрі денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы жылдың аяғында таныстырылады”,- деді А.Ильин.