Қазақстандық ғалымдар вирусты гепатитті емдейтін тиімді препарат ойлап тапқанын хабарлады

Препаратты Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары республикамыздағы йод тапшылығы проблемасын шешу үшін жасалған "Бальзам "Возрождение" атты биологиялық белсенді қоспаның негізінде ойлап тапқан.

Жаңалық авторларының айтуынша, "Ренессанс" препаратын зерттеу үшін 119 адамның қатысуымен клиникалық сынақтар өткізілді. Зерттеулер нәтижесінде араларында Қазақстан, Ресей және Украина азаматтары бар науқастардың 80 проценті гепатит дертінен сауығып шыққан. Препаратты жасап шығарушылардың айтуынша, йодекстринді тұтынуда күрделі жанама құбылыстар байқалмайды, оның улылығы төмен, 20 күннен 2,5 айға дейін созылатын емдеу курсының қысқалығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, пилотты клиникалық сынақтан өткізу барысында препараттың псориаз тәрізді емделуі қиын ауруды да жазатындығы анықталды.
Препараттың құны туралы журналистер сауалына жауап берген жоба жетекшісі Мұрат Тұрлыбековтың хабарлауынша, бірінші кезеңде клиникада емделу құны 2,5-3 мың доллар тұратынын, бұл бағаға стационардағы орын, тағам және мамандардың бақылау құны қамтылатынын атап өтті. "Коммерциялық құпия" дегенді алға тартқан ғалым "Ренессанс" препаратының өзіндік құнын атаудан бас тартты. Сондай-ақ, М.Тұрлыбековтың сендіруінше, егер дәрінің авторларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, онда бұл препаратты өндіру "республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 1,5 бөлігін жыл сайын қамтамасыз ете алады".
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2003-жылы дүниежүзінде 300 млн. адам гепатиттің "В" түрінің, ал 500 млн. адам "С" түрінің вирусын жұқтырған. Қазақстанда гепатиттің "В" және "С" түрімен 150 мыңдай адам ауырады.