Қазақстандық ғалымдар жаңа күріш сортын өндірістік сынақтан өткізді

Сынақтар Қызылорда және Алматы облыстарында өткізілді. "Мәдина " деп аталатын жаңа күріш сорты негізінен оңтүстік аймақтарда өседі.

О.Тарановтың айтуынша, ғалымдар күріштің бұл сортын солтүстік аймақтарда өсіру мүмкіндігіне қол жеткізді. Ол суыққа және әртүрлі вирусты ауруларға төзімділігімен ерекшеленеді. Сортты сондай-ақ, механикалық тәсілмен жинап алуға болады.
О.Тарановтың айтуынша, жаңа сортқа Венгрия, Румыния, Франция және АҚШ елдерінің ғалымдары мен өнеркәсіпшілері қызығушылық танытқан. Қазір зертхана қызметкерлері күріштің жаңа сортын шығарып алғандығы туралы патентті рәсімдей бастады.