Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов жердегі қалыпты тіршілікке қайта бой үйретіп жатыр

"ЭКГ жасаттым, қан тапсырдым. Көрсеткіштері қалыпты деңгейде. Ғарыштағы салмақсыздықтан кейін адамның бұлшық еттері, əсіресе, жүрегі əлсірейді. Бақылау қажет", - деп жазды ол сəрсенбі күні Twitter желісіндегі парақшасында.
"Жерде қолыңнан түскен заттың бəрі құлайды. Біртіндеп үйреніп жатырмын", - деп қосты А.Айымбетов.
Қазақтан шыққан үшінші ғарышкер ХҒС-на 2-қыркүйекте аттанып, 12-қыркүйекте қайта оралған болатын.