Қазақстандық гимнаст Бельгияда спорттық гимнастикадан әлем Кубогының кезеңінде қола жүлдені жеңіп алды

Чемпион атанған голландылық Юри ван Гелдер мен күміс медаль жеңіп алған венесуэлалық Регуло Кармона жарыстың финалында Құрбанбаевтың алдын орап кетті.

Шымкенттік гимнаст жеңіп алған медаль ұзаққа созылған үзілістен кейінгі аталмыш жарыстарда Қазақстан құрамасының қоржынынындағы жалғыз медаль болып отыр.

Бельгиядағы құрмет тұғырнамасына бір қадам өзге екі қазақстандыққа жетпей қалды. Алматылық Ернар Ерімбетов тұғырдан секіруден төртінші орын алса, шымкенттік Ильдар Валеев те брусьтегі жаттығуларда төртінші орын иеленді.

"Үйге қайтып оралысымен біздің спортшыларымыз осы жылдың шілдесінде өтетін Қазақстан чемпионатына дайындықты бастамақ, - деді Қазақстанның спорттық гимнастика Федерациясының вице-президенті Махмұт Ескендіров. - Бұл жарыстарда Олимпиада алдындағы лицензиялық әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының құрамы толықтай анықталатын болады. Егер біздің спортшыларымызға әлем біріншілігінде 15 үздік команданың қатарына ілігудің сәті түссе, Пекин Олимпиадасында Қазақстан туы астында екі гимнаст өнер көрсетеді".
2004 жылы Афиныдағы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан тек бір гимнаст - Ернар Ерімбетов қана қатысқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті