"Қазақстан дүниежүзіндегі ең ауқымды океанариум құру жобасын қаржыландыруға қатысады", -деді Ю. Лужков.
Ол Қазақстандық инвесторлар сонымен бірге Ресей астанасында тұрғын үй құрылысын да қаржыландырып отырғанын жеткізді. "Қазақстанның экономикалық және қаржылық әлеуеті артқан сайын бұл көлем ұлғая түседі деп ойлаймын. Былтыр бізде шетелдік инвестициялар көлемі $75 млрд болды, оның $25 млрд - Мәскеу экономикасының нақты секторына жұмсалды", - деді Ю. Лужков.