Ақпарат көзінің хабарлауынша, Қазақстандық инвесторлар телеарнаны сатып алу туралы келіссөздерді 6 жыл бойы жүргізген. "Бішкектің тәуелсіз телеарнасының" жаңа директоры болып Назым Моллаудов тағайындалды.
Қазақстандық инвесторлар бірінші кезекте телеарнаның сигналын күшейту және көрсетілетін аймағын кеңейту үшін жаңа техникамен жарақтамақшы. Сонымен бірге жеке бағдарламалар саны арта түспек. Ол үшін журналистер санын 50 процентке арттыру көзделіп отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Бішкектің тәуелсіз телеарнасы" Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев пен оның отбасына қарасты мүліктердің санатында тексеріліп жатқан тізімге енеді. Бірақ Қазақстандық инвесторлар тарапынан арнаны сатып алу туралы келісімге бұған дейінгі қаржылық операциялардың тазалығы дәлелденгеннен кейін барып қол қойылды.