"Ол 63 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Ол алтын медаль алған Солтүстік Кореялық бақталасынан тек 1 кг ғана қалып қойған. Жұлқи көтеруде қазақстандық спортшы бірінші болған. Ал кезек итере көтеруге келгенде жол беріп қойды. Нәтижесінде ол екінші орын иеленді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
И. Некрасова 1988 жылы дүниеге келген. 2007 жылғы әлем чемпионатында сегізінші орынды қанағат тұтқан.
Бұл медаль Қазақстан спортшыларының Пекин Олимпиадасында алған алғашқы жүлдесі болып табылады.