Қазақстандық каратэшілер Бакудегі турнирде 6 медальді жеңіп алды

Қазақстандық каратэшілер чемпионатта 6 медальді жеңіп алды. Атап айтқанда «алтын» жүлдеге 60 келі салмақтағы Дархан Ассаділов пен Гөзел Ғафурова (68 келі) қол жеткізді. Анастасия Олешко (68 келі) күміс жүлдегер атанды. Екатерина Хуповец (50 келі), Сабина Захарова (55 келі) және Гауһар Шайкөзова (68 келі) қола медальдарға ие болды.

Жарысқа 15 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Жүлде қоры 70 мың еуроны құрады.