«Айта кеткім келетіні, қазірдің өзінде қазақстандық кәсіпорындар мамандарға зәру. Бүгінде 17 мың жұмыс орны бос тұр», - деп атап өтті ол.
Қауымдастық басшысының ойынша, Елбасы 2017 жылы тегін кәсіби-техникалық білім беруді енгізу туралы шешім қабылдай отырып, бұрын-соңды болмаған қадамға барып отыр.
«Бұл шешім біздің кәсіпорындарды мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік ашады», - деді Ә.Құсайынов.