Қазақстандық Кеңес Одағының Батырларына арналған 70 фильм түсіру жұмыстары жүріп жатыр

«Түптеп келгенде, атқарылар жұмыстың мәні - тағзымды тәлімге ұластырып, Елбасы саясаты мен Тәуелсіздіктің арқасында соғыс көрмеген бақытты ұрпақты елдегі бейбіт өмірді, келісім мен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға, елінің амандығы мен мемлекетінің тәуелсіздігі үшін сапқа тұруға қашанда даяр болуға тәрбиелеу»,- деді Б. Байбек.

Оның сөзіне қарағанда, «Қазақстандықтар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында: 100 жаңа дерек» жобасы іске қосылады. Сонымен қатар Отан қорғаушылар күніне орай майдангерлер туралы кітаптың таныстырылымы болады.