Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

17 сәуір күні венгриялық хоккейшілерден 1:2 болып ұтылған қазақстандық құрама бірінші орыннан ғана емес, екіншіден де айырылып қалды. Бұл ойыннан кейін Венгрия құрамасының еншісінде - жеті, қазақстандық хоккейшілерде алты ұпай бар.

100 пайыздық нәтижемен соңғы матчта британдық хоккейшілерді 5:1 есебімен ойсыра ұтқан Италия құрамасы көш бастап тұр. Ұлыбритания құрамасы үшін бұл қатарынан үшінші жеңіліс болды.

Азиялық командалар арасында жеңіске оңтүстіккореялықтарды 6:5 есебімен ұтқан жапондықтар жетті. Нәтижесінде Жапония құрамасы үш ұпаймен - төртінші, ал Оңтүстік Корея екі ұпаймен бесінші орынға орналасты.

Қазақстан құрамасы келесі матчты Оңтүстік Корея командасымен өткізеді, Жапония Ұлыбританиямен, ал Венгрия Италиямен кездеседі.