Қазақстандық хоккейшілер бүгін Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі

Венгрияның Будапешт қаласында өтетін матч Астана уақыты бойынша сағат 16:30-да басталады. Бұған дейін біздің хоккейшілер Венгрия құрамасынан 2:1 есебімен ұтылған болатын. Сол себепті алдағы екі ойында Оңтүстік Корея мен Италия командаларын жеңуі керек. Сонда ғана біз «А» дивизионының жоғары сатысына көтерілеміз. Айта кетейік, соңғы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен үшінші орында келеді. Бірінші орында - Италия, ал екінші орында мадиярлар орналасты.

Букмехерлердің болжамына сенсек, бүгінгі ойында Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореяның ойсырата ұтады. Олардың коэффиценттері мынадай: Қазақстанның жеңісі - 1,02, Оңтүстік Кореяның жеңісі - 21,1. Алайда Оңтүстік Корея хоккейшілерінің соңғы ойында Венгрия құрамасын 5:4 есебімен ұтып кеткенін ұмытпау қажет.