Қазақстандық хоккейшілер қытайлық Тайпейді айқын басымдықпен ұтып жатыр

Ойынның бірінші кезеңі аяқталды. Есеп 12:0. Қарсыластардың қақпасына бірінші шайбаны салған шабуылшы Максим Худяков, ал оң жақ шабуылшы Вадим Краснослободцев үш бірдей шайбаның авторы атанды. Капитан Талғат Жайлауовтың еншісінде - бір шайба.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайлық Тайпей командасы Қазақстанның негізгі қарсыластары - Жапониядан 18:0 есебімен, ал Корея құрамасынан 22:0 есебімен ойсырай жеңілген болатын.