Осыған байланысты күшейтілген сегіз халыққа қызмет көрсету орталығы бөлінген, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
БАҚ Қазақстанның шекаралас аймақтарында халыққа қызмет көрсету орталықтарына ұзын-сонар кезек пайда болғанын жазып жатыр. Мәселен, "Мой город" басылымы Исатай-Махамбет бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығына келген ресейліктер таңертең ерте жинала бастағанын жазды. Қазір кезек орталықтан алыстап бара жатқаны айтылды. Бәрі банк картасын ашуға ЖСН алуға ниетті. Ақша айырбастау орындарында да кезек байқалады.