Қазақстандық кино өнері жастарға арналған «Супер Баха» фильмімен толықты

Комедиялық комикс жанрында түсірілен фильм қарапайым екі бозбаланың күнделікті өмірінен сыр шертеді. Баханың «Ботаник» деген лақап атқа ие досы адамның күшін арттыратын дәріні ойлап тауып, оны досына ішуге үгіттейді. Нәтижесінде Баханың бойында тылсым күш пайда болып, ол қаладағы қауіпті адамдармен және қоғамдағы әділетсіздікпен күреседі.

12 мен 19 жас аралығындағы жастарға арналған бұл фильм 16 маусымнан бастап ұлттық прокатқа шығады.