Қазақстандық коммунистер Ленинді еске алды

Мәселен, Павлодарда Ленпарктегі В.Лениннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, партияның жаңа мүшесіне партбилет табыс етті, деп хабарлады компартия обкомының екінші хатшысы Зоя Қожанова.

Алдында коммунистер баға мен тарифті емес, өмір сүру деңгейін көтеріңдер, деген ұранмен рұқсат етілген митингі өткізген болатын. Оған шамамен 150 адам жиналған.

В.Ленин ескерткішіне гүл шоқтарын қою және жаңа мүшелерге билет табыс ету рәсімі Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Рудныйда және басқа қалаларда өтті.