Көрме аясында Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов пен туризм жөніндегі комитеттің мамандары көрмені ұйымдастырушы "Reed Exhibitions" компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді. Компания басшысы П.Натли алдағы жылдың сәуір айында Алматыға келіп, Қазақстанның КІТҒ халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысуға ниет білдірді. Сапар барысында "Reed Exhibitions" компаниясының жетекшісі өз компаниясының Қазақстанда туристік көрмелер ұйымдастыруға қатысу мүмкіндіктерін зерттеуді межелеп отыр.
"World Travel Market" жыл сайынғы халықаралық туристік көрме барысында Қазақстанның туристік әлеуетінің тұсаукесері өткізіліп, көрмеде қазақстандық әртістер өнер көрсетті.
Елшілік хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Қазақстан көрмеге табысты қатысып, "мұндай шараларды Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін шетелдерге таныту мақсатында пайдаланудың маңызы зор екеніне көз жеткізді".