«Қазақстан дарынды композиторларға бай мемлекет. Елімізде керемет музыкалық туындарлар қоры жинақталған. Оларды сақтау мақсатында біз қазір ноталарды сандық форматқа көшіріп жатырмыз. Осылайша, Қазақстанның ноталық электронды кітапханасын жасайтын боламыз», - деді ол.
Сондай-ақ Роза Бердіғалиева бұл салада қазақстандық мамандарға әзербайжандық және украиналық әріптестер көмектесетіндігін жеткізді.
Ал болашақта елімізде бүкіл ТМД елдеріне арналған ноталық кітапхана құрылады.