Қазақстандық көрерменге жеңімпаз спортшылар туралы фильмдер қажет

  жетістіктерімен көзге түскен спортшылар туралы көркем фильмдер түсіру қажет деп есептейді.

«Спорт туралы айтар болсақ... бізде қазақстандық спортшлардың жетістікері туралы бірде-бір көркем фильм жоқ. Мәселен, Мәскеуде Харламов туралы фильм бар», - деді ол ведомствоның сәрсенбідегі алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, ұлттық кинематограф қазіргі заманның үздік образдарын сомдауға, еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұрасын, тарихи оқиғалар мен дарынды тұлғаларды насихаттауға ден қоюы тиіс.

Осы орайда ол «Қазақфильм» киностудиясының аталған салаға қатысты деректі фильм түсіруге кіріскенін алға тартты.