Ресейлік үздік садақшылар қатарына табылды.
Жарыс барысында Алмас Ресейдің барлық өңірлерінен келген мықты қарсыластарынан басып озып өз санаты бойынша айтарлықтай жоғарғы нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Жарыстың қорытындысы бойынша барлығы 464 балл жинап нәтижесінде Ресейдің ТОП - 40 үздік садақшылары тізіміне енді.
Қазіргі кезде Алмас армия генералы В.Ф.Маргелов атындағы Рязанск жоғары әуе-десанты училищесінің «әуе-десанты әскерлерінде бөлімше байланысын қолдану» мамандығында екінші курста оқиды. Ол садақ ату бойынша сайысқа оқу орнының атынан ұдайы қатысады. Осы орайда спорттағы шеберлігін жетілдіруге оған үздіксіз жаттығулар көмектеседі. Оқыту аяқталған соң Қазақстанға келіп садақтан ату бойынша еліміздің атынан халықаралық деңгейдегі жарыстарда қатысып, Қазақстанның Қарулы Күштерінің абыройын қорғайтын болады.