Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің орталық тергеу басқармасының сайтында хабарланған, деп жазды Tengrinews.kz.
"2018 жылдың 19-20 ақпан аралығы Қазақстан Республикасының азаматы "Азур эйр" рейсінде жолаушы болып отырып, мас күйде былапыт сөздер айтып, өзге жолаушылармен және жолсеріктермен жанжал шығарған. Экипаж мүшелері мен жолаушылардың ескертулерін елемеген, осы арқылы кейінгілердің қауіпсіздік үшін алаңдаушылығын тудырған", - делінген хабарламада.
Қазақстандық РФ ҚК-нің 13-бабының 1-тарауының "в" тармақшасы бойынша қылмыстық іс жасады деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз:
Жолаушының өліміне байланысты ресейлік ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
Ресейде жолаушылар ұшағы құлап, 71 адам қаза тапты
"Канело" - Головкин арасындағы екінші жекпе-жек бәрібір өтеді - бокс шолушысы