деп хабарлады TFF-CA/Carat Kazakhstan (коммуникациялық Aegis Media Kazakhstan агенттіктерінің тобына енеді) компаниясының директоры Арман Матқұлов.
Aegis Media Kazakhstan-ның алдын-ала деректеріне қарағанда,медианың негізгі түрлеріне (ТВ, радио, баспасөз, сыртқы жарнама, Интернет) орналастырылған жарнаманың жиынтықты көлемі 2013 жылдың нәтижелері бойынша шамамен 326 млн долларды құраған.
"Жарнама берушілер әсіресе жарнаманы телевизияға бергілері келеді. Оған себеп- аудитория ауқымының үлкендігі, әрі ақпарат берудің техникалық мүмкіндіктерінің елеулі екендігі. Сол себепті қазақстандық телевизияда жарнамалық бюджеттер жоғары, 2013 жылдың нәтижелері бойынша 190 млн долларға жетіп отыр. Одан кейін қарқынды үдеп келе жатқан интернет-жарнама", деді ол.
2013 жылдың нәтижелері бойынша ірі жарнама берушілердің ондығына енгендер "КаР-Тел" (ТМ Beeline), Kcell, Mars, Tele2, Coca-Cola, Procter&Gamble, KraftFoods, Henkel/Schwarzkopf, Samsung, Unilever.