Қазақстандық мектеп түлектерінің төрттен бірі ҰБТ ең төменгі балды да жинақтай алмаған

ЖОО мен колледжге түсуге қажетті 50 балды да жинақтай алмаған. Бұл туралы дүйсенбі күні Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, ҰБТ барлығы 87 мың 593 оқушы қатысқан. Оның 31 мың 678-і қазақ тілді, 25 мың 915-і орыс тілді мектептерді тәмамдаған.

Ең жоғарғы балды (125 балл) Алматылық Айғаным Әбдіжапар мен Әсия Марат, шымкенттік Шахзода Ахметжанова мен ОҚО оқушысы Ұлпан Ержанова алды.


13 мың 137 түлектің алған ұпайы 100 балдан асады.

Биылғы жылы ҰБТ маусымның 2-сі мен 8-і аралығында өтті.