Мультфильмнің бірінші сериясы әлеуметтік желіде жарияланған. Бір жарым минуттық роликте мультфильм авторлары Қазақстандағы әр өңірдің ерекшеліктері туралы айтып, мерейлі қазақстандықтар мен халықтар достығын көрсеткен.
Бірінші серия Digital Detox-ты ауылға шақырумен аяқталады. Digital Detox – адамның смартфон, компьютер, планшет, басқа да құрылғыларды пайдаланудан саналы түрде бас тартып, шаршауын басып, шынайы қарым-қатынас құруға, шығармашылық жұмыспен айналысуға бөлетін уақыты.