Қазақстандық ММА файтері ӘЧ екі дүркін жүлдегерін нокаутқа түсірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

65,8 келі салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық әлем чемпионатының екі дүркін "қола" жүлдегері швециялық Даниял Шамхаловты тізе бүктірді.

Жасия қарсыласын алдымен бір соққымен есеңгіретті де, ары қарай Шахмалов қорғана алмай қалғанда төреші жекпе-жекті тоқтатқан.