Қазақстандық ММА файтерін Мәскеу орталығында атып кетті

Басылымның мәліметіне сүйенсек, файтер мен спорт мекемесінің күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

30 жастағы Дүйсембаев 6 жерден оқ жарақатын алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде.

Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. “Қазақ” лақапатымен белгілі болған ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.