Қазақстандық модель Бибі Нью-Йорктегі сән апталығына қатысуда

Бұл туралы модель Инстаграмдағы парақшасында баяндап берді.

Bibi жас америкалық модельер Кристиан Сирианоның (Christian Siriano) көрсетіліміне қатысқанын атап өтейік.

Нью-Йорктегі сән апталығы - бүкіл әлемнің сәнқойлары тағатсыздана күтетін фэшн-индустриясындағы жыл сайынғы елеулі оқиға. Одан кейін Нью-Йорк эстафетаны Лондон, Милан және Парижге тапсырады.

Айта кетейік, Бибісара Шәріпованың бұл танымал шоудың авторлық көрсетілімдеріне қатысып жүргеніне бірнеше жыл болды.