Қазақстандық моноқалалардағы бизнесмендерге берілетін шағын несие сомасы көбейтіледі


3 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін көбейтілмек. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.
«31-наурызда үкімет бизнесті дамыту мен қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қабылдады. Ол бойынша шағын несиелеу жаңа форматта жүргізіледі», - деді ол «Нұр Отан» партиясының мәжілістегі фракциясы жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында.
Енді ауылдар, шағын қалалар мен моноқалалардағы кәсіпкерлер бұрынғы 3 млн теңгенің орнынан 10 млн теңгеге дейін несие ала алады, - деді Қ.Өскенбаев.