"Қазіргі жағдаймен 225 мың 800 тоннасы жіберілді, сөйтіп, мұнай өңдеу зауыттары мамырдың аяғына дейін тұқым себу науқанына арнап тағы 104 мың тонна дизельдік отын жіберуге тиіс", - деді А. Күрішбаев. Оның айтуынша, кепілді көлем 330 мың тоннаны құрайды.
"Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері оның 70% үшін ақы төледі", -деді ол.
"Ал облыстар бойынша ақысы төленбеген қалдыққа келсек, ол 29 мың 800 тоннаны, соның ішінде Ақмола облысы 11 мың 500 тонна, Ақтөбе облысы - 1980 тонна, Шығыс Қазақстан облысы - 5400 тонна, Оңтүстік Қазақстан облысы - 490 тонна, Батыс Қазақстан облысы - 2360 тонна, Қызылорда облысы - 4000 тонна және Павлодар облысы - 4000 тоннасы үшін ақы төлеген жоқ", -деді министр.
"Оңтүстік облыстарда агротехникалық мерзімге сай тұқым себу науқаны 20 мамырда аяқталатынын ескерсек, дизельдік отынның қалған бөлігі оларға таяу күндерде қажет болмақ", - деді министр.
Өз кезегінде еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев жанар-жағармай жеткізу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын растады. "Расында да наурыз бен сәуірдің жоспары орындалды, мамырдың 20 жұлдызына дейін жанармай толық жеткізіледі және бұл жұмыс кесте бойынша жүргізілуде", - деді ол. "Екі шаруа қожалығы аз көлемнен бас тартты, олар келісім-шартына қол қоя тұра, бағасын уақытында төлеуден бас тартты. Біз бұл көлемнің орнын толтыруға келістік, ахуалдан шығудың дұрыс шешімі табылды деп ойлаймын", - деді министр.