Қазақстандық өкілдер Бакуде Әзербайжанның ауылшаруашылығы өнімдерін Қазақстан аймақтарына жеткізу мәселелерін талқылауда

Қазақстандық өкілдердің құрамына ҚР Қаржы министрлігінің кеденді кбақылау комитетінің, ауылшаруашылығы және денсаулық сақтау министрліктерінің, Ақтау және Орал қалалық әкімшіліктерінің, Маңғыстау облыстық және Алматы қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстық ауылшарашылығы департаменттерінің өкілдеорі енген.

Ал Әзербайжан жағынан кездесуге экономикалық даму, ауылшаруашылығы және денсаулық сақтау министрліктері мен мемлекеттік кедендік комитет өкілдері мен ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын 20-дан астам жеке меншік кәсіпорындардың жетекшілері қатысуда.
Кездесуді ашқан Әзербайжан Республикасы экономикалық даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Алигусейн Шалиевтің айтуынша, бұл шараның басты мақсаты - Әзербайжанның ауылшаруашылығы өнімдерін, соның ішінде жеміс-жидек өнімдерін Қазақстан аймақтарына жеткізу жолдарын айқындауға саяды.
Оның айтуынша, кездесуге қатысушылар екі күн бойы кедендік және тасымал мәселелерін талқылап, бұдан кейін қазақстандықтар жергілікті ауылшаруашылығы ахуалымен танысу үшін Әзербайжанның солтүстік аймақтарын аралайды.
Экономикалық даму министрінің орынбасары Микаил Джаббаров Қазақстанның мұнай және мұнай өнімдерін Әзербайжан арқылы Грузия айлақтарына транзитті тасымалдау саласындағы табыстарға тоқталып, дәл осындай ықпалдастықты басқа да бағыттарда орнату қажеттігін, соның ішінде Әзербайжанның ауылшаруашылығы өнімдерін Қазақстанға, ал Қазақстан өнімдерін кері бағытта шығару мүмкіндігін атап өтті.
Оның айтуынша, Әзербайжан жағы отандық ауылшаруашылығы өнімдерін Қазақстанның компанияларыен бірлескен кәсіпорындар құру немесе қазақстандық капиталдың 100 проценттік қатысуымен құрылған компанияларға қатысу арқылы өңдеу жобаларына да қызығушылық танытады.
Өз кезегінде ҚР индустрия және сауда министрлігінің сауда-саттық және туристік іс-қызметті реттеу комитетінің төрағасы Қайырбек Өскенбаев қазақстан жағының Әзербайжанның ауылшаруашылығы өнімдерін импорттаудан мүдделі екенін айтты.
Соңғы екі жылда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2,5 есе өскеніне қарамастан, жалпы көрсеткіштің 300 млн. доллардан аспауы мүлдем мардымсыз, деді ол. "Бұл көрсеткішті арттыруға тырысуымыз керек. Біздің мақсат - Әзербайжан өнімдерінің республика аймақтарына, ал қазақстан өнімдерінің Әзербайжанға еркін жеткізілуіне жағдай жасауға саяды",- деді Қ.Өскенбаев.
Оның айтуынша, 2004-жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі өнім мөлшері 2800 доллар болса, биыл бұл 3000, 2010-жылы 5800, 2015-жылы 9000 долар болмақ.