Сапар барысында еліміздің өкілдері Израильдің жетекші венчурлық қорларының жетекшілерімен, "Эй-Ти-Ай" атты жоғары технологиялардың бизнес-инкубаторы, сондай-ақ, "РАД Коммуникэйшнз", "Тадиран Телеком", "Мобилак" (мұнайхимиясы), "Принир" (ауылшаруашылығы) және "Гад" сүт комбинаты сынды компанияларының жетекшілерімен кездесулер өткізді.
Сонымен бірге Израильдің Аэроғарыштық агенттігінің төрағасы Цви Капланмен, Технологиялар институтының (Технион), "Израильская авиационная промышленность" (IAI), "Рафаэль", "Эльоп" және "Гилат Сателайт" компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізілді.
Еліміздің өкілдері сонымен бірге Вайцман атындағы ғылым институтында, Тель-Авив университетінде, Техниона биотехнологиялар және азық-түлік инженериясы орталығында, Ауылшаруашылығының зерттеулері орталығында болып, Тель-Авив қаласының муниципалдық ағызынды сулар жүйесінің жұмыс істеу тетіктерімен танысты.
Бұған дейін ҚР білім және ғылым министрлігінің халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Алтынбек Шәріпбаев та Израиль елінде болып, сапар барысында осы елдің жетекші университеттерінде "Болашақ" бағдарламасы аясында еліміздің студенттерін оқыту жайында келіссөздер жүргізіп қайтқан болатын.