Қазақстандық омбудсменнің пайымдауынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры өз бетімен отставкаға кетуге тиіс

"Өзінің адамгершілік және кәсіби тұрғыда сәтсіздікке ұшырағанын мойындап, белді бекем байлап орынды босату керек. Ауруханалардың бас дәрігерлері де, балалармен жұмыс істеген нақты дәрігерлер де, әрине, облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры да осындай қадам жасауға тиіс. Директордың өзі жұмыстан кетуі қажет",- деп мәлімдеді Б.Байқадамов.

Құқық қорғаушының пікірінше, қандай кәсіби салада да, егер шешенунік өзіне сеніп тапсырылған жұмысты атқара алмауы салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына нұқсан келген жағдайда, ол қызметтен кетуге тиіс. Бұл әрекет барлық қызмет саласында болуға тиіс",- деді омбудсмен.

Ал денсаулық сақтау министріне қатысты Б.Байқадамовтың айтуынша, "ол денсаулық сақтау министрлігі үшін жалпы жауап береді. Министрдің мекеме қызметін қамтамасыз етуші шаруашылық иесі екенін естен шығармау керек. Ал адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілікті дәрігерлер мен денсаулық сақтау департаментінің басшылығы жүктеуге тиіс",- деді омбудсмен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті