Қазақстандық өнертапқыштар мен инвесторлар меморандумға қол қойды

Көрмеге қойылған жұмыстардың барлығы халықаралық стандарттарға сай жасалған. Ғылыми басқосуда еліміздің 5 инновациялық компаниясы ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісім мен меморандумға қол қойды. Бұл шаралар ғылым саласында әсіресе, технологияларды дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жолашпақ. Сондай-ақ технологияларды қаржыландыру мақсатында «Ғылыми портал» құрылды. Осы арқылы болашақта қазақстандық өнертапқыштардың жұмыстарын коммерциялық айналымға енгізу жоспарланған. Салтанат Рахимбекова,Аstana EXPO-2017ҰК басқарушы директоры: - Виртулдық жасыл биржа ашылса деген ойымыз бар. Виртуалдық деңгейде сол жобаларды көре отырып, бизнес соның ішінде таңдау жасаса. Осы жобалар біздің кәсіпорынға, жалпы бәсекелестікті арттыруға маңызды жобалар деп қолдау көрсететін болса. Рүстем Сүндетов, кәсіпкер: - 3D принтер арқылы түрлі мүсіндер жасауға болады. Адамның көшірмесінен бастап, кәдесыйлар мен эксклюзивті дүниелерді басып шығаруға мүмкіндігіміз бар. Мұндай принтер шетелдерде жақсы дамыған. Ал біздің жобаларды қолдайтын әсіресе, қаржыландыратын инвесторлар қажет, - деп хабарлайды 
http://www.24.kz/
 сайты.