Қазақстандық онсайысшы Д. Карпов Италия турнирінде жеңіске жетті

Афины ойындарының қола жүлдегері жарыс қорытындысы бойынша 8172 ұпай жинап, бірінші орынға қол созды. Екінші орынға Ашиант Бриант (Ұлыбритания) табан тіреді. Ал қолаға исландиялық Еинар Ларуссон ие болды.

Айта кетейік, аталмыш додаға Карповтың олимпиададағы басты қарсыластары қатысқан жоқ.