Онда ел намысын Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері - Зарина Құнанғараева (65 кг), Азия чемпионы Марина Зуева (40 кг), күміс жүлдегерлер Гүлмарал Еркебаева (70 кг), Ирина Казюлина (60 кг), Светлана Анкичева (38 кг), қола жүлдегер Ирина Борисова (43 кг), Светлана Сергеева (56 кг) және «Азия балалары» халықаралық ойындарының чемпионы Мәдина Бақбергенова (52 кг) мен күміс жүлдегер Марина Седнева (49 кг) қорғағалы отыр. Қайрат Сағадиевтің жетекшілігімен олар Баку боз кілеміндегі белдесулерін 23-24 тамыз күндері өткізетін болады.
Былтыр Будапештте өткен Әлем чемпионатында қазақстандық палуан қыздар командалық есепте 21 ұпаймен үздік ондықты түйіндеген. Онда ақтық сында украиналық Урода Ганнуду ұтқан Екатерина Ларионова (60 кг) Әлем чемпионы, ал Светлана Анкичева (38 кг) қола жүлдегер атанған болатын.