Қазақстандық палуан қыздар Әлем чемпионатында 1 күміс, 1 қола медаль олжалады

Онда Азия чемпионатының күміс жүлдегері Светлана Анкичева (38 кг) бұл жолы Әлем чемпионатының күміс, ал Азия чемпионатының қола жүлдегері Ирина Борисова (43 кг) Әлем чемпионатының қола жүлдесін олжалады. Олардың командалас достарынан «Азия балалары» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері Марина Седнева (49 кг) алғашқы белдесуде жарыс қожайыны Аян Маммадоваға ұтылды. Азия чемпионатының қола жүлдегері Светлана Сергеева (56 кг) да келесі бір әзірбайжандық Алена Колесниктің осал тұсын таба алмады. Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Зарина Құнанғараева (65 кг) болса үндістандық Бабита Бабитаға есе жіберді.

Бүгін енді Мадина Бақбергенова (52 кг), Марина Зуева (40 кг), Гүлмарал Еркебаева (70 кг), Ирина Казюлина (60 кг) өз бақтарын сынауда. Былтыр Будапештте өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Екатерина Ларионова (60 кг) Әлем чемпионы, ал Светлана Анкичева (38 кг) қола жүлдегер атанған болатын.