Қазақстандық палуандар «Иван Ярыгин» Голден Гран-При жарысына қатысады

Онда ел намысын қорғауды әйелдер күресінен құрама бапкері Гүзел Манюрова - Зульфия Яхъярова, Татьяна Аманжол (51 кг), Ақзия Даутбаева (55 кг), Екатерина Ларионова (63 кг), Зарина Құнанғараева (67 кг) мен Эльмира Сыздықоваға (72 кг) тапсырмақ. Ал еркін күрес шеберлерін бұл додаға жаттықтырушылардан Руслан Өміралиев пен Асқар Әбдірашев бастап барғалы отыр. Бапкерлер алқасы құрама сапынан бұл додада - Ғабит Төлепбай, Расул Калиев (55 кг), Дәулет Ниязбеков, Азамат Өміржанов (60 кг), Дәурен Жұмағазиев (66 кг), Олжас Шыңғысбаев, Нұрлан Бекжанов, Леонид Спиридонов (74 кг), Семен Семенов, Ислам Азизов, Асла Кахидзе (84 кг), Әлихан Жұмаев (96 кг) пен Дәулет Шабанбайға (120 кг) үміт артуда. Онда 25-і күні әйелдер күресінен 51,59, 67, еркін күрестен 55 пен 74 келі салмақтағы палуандар белдеседі. 26-сы күні әйелдер күресінен 48, 55, 63, 72, еркін күрестен 60 пен 66 келідегі, ал 27-і еркін күрестен қалған 3 салмақтағы (84, 96 және 120 кг) спортшылар күш сынасады.

Жалпы өткен жылы Лондонда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында бұл еркін балуандар арасынан Ақжүрек Таңатаров (66 кг) 3-ші, Д. Ниязбеков (55кг) пен Дәулет Шабанбай (120 кг) 5-ші, Дәурен Жұмағазиев (60 кг) 12-ші орын алған еді. Ал әйелдер арасында бұл додада қазіргі бас бапкер Гүзел Манюрова 72 келі салмақта жеңімпаздар тұғырының үшінші сатысынан орын тапқан болатын.