Оған төрт елдің: Қазақстан, Ресей, Армения және Испанияның паралимпиадашылары қатысады. Бұл туралы «ТАСС» Ақпараттық агенттігі хабарлады.
Grand prix Rezept-Sport Wheelchair racing аталатын жарыс "Сочи Автодромында" екінші рет өткізілгелі отыр. Барлығы 24 қатысушы бақтарын сынайтын болады.
Бүкілресейлік мүгедектер қоғамынан мәлім еткендей, трассаның ұзақтығы 21 шақырымды құрайды. "Формулы-1" автодромының жолында аталмыш жарыстарды ұйымдастыру идеясы 2014 жылы өткен қысқы Паралимпиада кезінде пайда болған.