Қазақстандық паралимпиадашы-жүзушілер Данияда өтетін халықаралық жарысқа қатысады

деп хабарлады Ұлттық паралимпиада комитеті.

Кездесуге Астанадан мүгедектер спорты бойынша (жүзу) халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әнуар Ахметов, Сиязбек Далиев және Михаил Еременко келді.

Паралимпиадашы-жүзушілер болашаққа деген алдағы жоспарларымен бөлісті. Спортшылар мәлім еткендей, олар наурыз айында Данияда өтетін халықаралық жарыстарға қатысады. Ал тамызда Канадада - әлем чемпионаты, қазанда Малайзияда Азиада ойындары өтеді деп жоспарлануда.

Жүздесуді «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен Ұлттық паралимпиада комитеті ұйымдастырды.