Қазақстандық пианист Жәния Әубәкірова өз өнерімен француздық көрермендерді тәнті етті

Француз астанасының мәдени өміріндегі аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.

Француздық өнерсүйер қауым, дипломатиялық корпус өкілдері, бизнесмендер, студенттік жастар әлемдік классика өкілдері Моцарт, Бетховен мен Шопеннің шығармаларының, сонымен қатар қазақ композиторы Нағима Меңдіғалиеваның «Домбыра туралы аңыз-поэма» туындысының талантты орындалуына зор ілтипат білдірді.