Қазақстандық полицейді өлтірген қаскүнемдер Қырғызстанның Шу облысында ұсталды

Бұл туралы КирТАГ хабарлады.

«Жеті жыл бұрын ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) мүшелері Қордай аудандық тергеу бөлімінің басшысын өлтірген. Шу облыстық МІІД-нің көмегімен Қырғызстанда жеті жыл бойы жасырынып, осы елдегі ҰҚТ-мен байланыста болған бұл қылмыскерлер ұсталды», - деп ақпараттандырды қазақстандық полицияның өкілі.

Ол осы жеті жылда қылмыскерлер бірлесіп заңға қайшы әрекеттерін іске асыру үшін шекардан талай рет  өткенін айтты.